Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz - Қазіргі уақытта әлемдегі саяси үрдістерден қалыс қалмай, ілесіп отыру маңызды саналады. Кез келген мемлекет мұны ескерусіз қалдырмайды. Бұл туралы белгілі актер Қуандық Қыстақбаев айтты.
"Еліміз жас, осыған қарамастан Қазақстанда көптеген саяси реформалар тиісті дәрежеде іске асып отыр. Соның бір нышаны – биыл қарашада өтетін президент сайлауы. Алғашында сайлаудың мерзімінен бұрын өтуіне қатысты көптеген сауалдар болғаны анық. Дегенмен көп ұзамай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімді тектен тек қабылдамағанын түсіндік. Өйткені айналамыздағы кей елдер қалай алауыз болып жатқанын біле тұрып, жай отыруға болмас еді. Сондықтан тез арада президент сайлауын өткізіп, елді бастар басшыны анықтап алып, дереу сыртқы қатерлерден қорғанатын амал іздеу керек болды. Бұны билік уақытында ұғынды деп ойлаймын"- дейді актер.
Ол сонымен қатар соңғы кездері саяси реформалардың арқасында қоғамдағы көп салада ілгерілеу барын айтады.
"Саясаттан тыс қалмай, ел дамуы үшін қайнаған ортасына түсем деген азаматтарға жеңілдік жасалуда. Оның үстіне, президентті тек бір мерзімге сайлайтын болдық. Осының бәрі мемлекетіміз ешкімнің де құқын аяқ асты етпей, құрметпен қарайтынының дәлелі деп ойлаймын. Алдағы уақытта халықтың сенімін алған президент саяси реформаларды одан әрі жетілдіріп, мемлекет дамуын дара жолға түсіреріне сеніміміз де, үмітіміз де мол. Халық та бұл өзгерістерді қолдайтынына күмәнім жоқ"- дейді өнер қайраткері.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024