Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – Қаңтар айында Қазақстанда карта арқылы жасалған ақша айналымы 611,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда екі есеге көп, желтоқсан айымен салыстырғанда 11% аз.
2018 жыл бойы қолма-қол емес төлемнің жалпы көлемі 5 474 млрд теңге болған еді. Оның 3 510 млрд теңгесі Алматы қаласының үлесіне тиеселі. Қаңтар айында төлем карталары арқылы жасалған төлем басқа қала, облыстармен салыстырғанда жоғары болғанымен, 59% төмендеді.
Төлем карталары арқылы ақша айналымының көлемі қаңтар айында Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы облыстарынан басқа өңірлерде төмендеді. Батыс Қазақстан мен Алматы облысында керісінше 2,9 және 3,2 есеге өсті. Алматы облысында қолма-қол емес төлем түрі банкоматтардан алынған ақша көлемінен асып кетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024