Қолжетімді несие беру механизмі бойынша алғашқы субсидияны ірімшік зауыты алды
Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz - «Даму» қоры басымдық берілген жобаларға қолжетімді несие беру механизмі бойынша алғашқы субсидияны Жамбыл облысындағы Мерке ірімшік зауытына берді.
«Қолжетімді несие беру механизмі бағыттарының бірі – экономиканың басымдық берілген салаларында қызмет ететін кәсіпкерлерді ынталандыру. Бұл механизм екінші деңгейлі банктер беретін несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді. Механизмді іске асырудың нәтижесінде отандық тауарлар өндірісінің көлемі ұлғаяды және импорт алмастыратын жаңа өндіріс орындары ашылады»,– деді «Даму» қорының Басқарма төрағасының орынбасары Гаухар Бурибаева 7kun.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Сыйақы мөлшерлемесі 14,95% құрады, оның 6,95%-н мемлекет субсидиялайды. Қарыз сомасы – 16 млн теңге, мерзімі – 7 жыл.
Бөлінген қаражатқа кәсіпкер өнім түрін көбейтіп, өндірістік желіні жаңартуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын басшысы Дастан Айтүленовтың айтуынша, «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы «Даму» қорының қолдауымен алынған несиенің арқасында ірімшік зауыты өнім шығаруды 10-12%-ға арттыра алады. Яғни қайта өңделген өнім көлемі 10-15%-ға ұлғаяды. Нәтижесінде қосымша жұмыс орындары ашылып, бюджетке жыл сайын 40 000 000 теңгеден астам салық түседі. Жобаны аяқтау мерзімі 2019 жылдың сәуір айы деп белгіленген. Осы мерзімге дейін жабдықтарды монтаждап, іске қосу көзделген.
«Банк ЦентрКредит» АҚ жаңа бастамаға белсенді қатысып, қолжетімді несие механизмін жүзеге асыру бойынша несие берген алғашқы банктердің бірі болды.
«Отандық бизнесті қолдау – ЦентрКредит Банкі қызметінің негізгі және басым бағыттарының бірі, – дейді банктің басқарма төрағасы Ғалым Хусаинов. – ЦКБ, әлеуметтік жауапкершілік көтеретін қаржы институты ретінде экономиканың нақты секторын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді. Бүгін берілген қарыз Жамбыл облысындағы қазақстандық азық-түлік өнімдері өндірісін дамытуға ықпал етуі тиіс».
Естеріңізге сала кетейік, басым жобаларды несиелеу механизмі жылына 15%-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесімен несие беруді көздейді. Сыйақы мөлшерлемесінің 7%-ына дейін «Даму» Қоры субсидиялайды. Кәсіпкерлерді қаржыландыру «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданыстағы талаптарына сәйкес өңдеуші өнеркәсіп және агроөнеркәсіп секторы саласындағы жобалар бойынша жүзеге асырылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024