Алматы. 28 наурыз. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшырауы жөнінде түсініктеме берді.
«Ағымдағы жылғы 27 наурызда Қарулы күштер әскери тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жоспарланған «Алтын жебе» оқу жаттығуы барысында, әскери борышын орындау кезінде вертолеттың бортында болған 13 әскери қызметші қаза тапты. Қазақстан қарулы күштері жоғарғы бас қолбасшының тапсырмасы бойынша авиаапаттың болу мән жайын тергеу, тексеру басталды. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы тез арада жіберілді», - деді Н.Ермекбаев.
Министрдің айтуынша, болашақта осындай оқиғаларға жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.
«Қорғаныс министрлігінің ұжымы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Қаза тапқан әскери қызметшілер өзінің әскери борышын адал орындады. Қарулы күштердің барлық әскери бөлімдерінде митингілер өткізіліп, жеке құрам қаза тапқан жауынгер жолдастарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Қорғаныс министрлігі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына моральдық, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайтын болады», - деді министр.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024