Астана. 28 қыркүйек. 7kun.kz – Парламент мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов мәжілістің пленарлық отырысына дайындықсыз келген вице-министрлерге ескерту жасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бүгінгі пленарлық отырыста вице-министрлер депутаттардың сауалына дұрыс жауап бере алмады. Олардың жауабына мәжіліс спикерінің де көңілі толмады.
«Пленарлық отырысқа дайындалып келу керек. Қол астындағы адамдардың қолдарыңызға жазып берген анықтамасын оқып берудің қажеті жоқ. Осы сұрақтардың барлығы бұған дейін жұмыс тобында талқыланды, комитеттің отырысында қаралды. Енді оны осы жерге келгенде бес саусақтай біліп тұруларыңыз керек қой Мен үкімет өкіліне де осы ескертпені айтамын. Премьер-министрге жеткізіңіз. Егер осы жерде дайын емес министрліктердің өкілдері болса, орнына басқа адамдар келсін», – деді Қошанов.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024