
Нұр-Сұлтан. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«ҚР Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2- тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», - деп жазылған Өкім мәтінінде.
Парламент палаталарының бірлескен отырысы 16 қыркүйек өтеді.