
Қостанай облысы. 11 тамыз. 7kun.kz – Қостанай облысында шенеуніктер мен кәсіпкердердің қылмыстық схемасы әшкереленді. Қант тұрғындарға 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатылған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Антикор мәліметінше, облыстық әкімдік пен «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қант тапшылығын шешудің орнына кәсіпкерлермен ауыз жаласып, тұрақтандыру қорындағы қантты таныстарына 420 теңгеге сатқан. Ал бизнесмендер әкімдік пен корпорация қызметкерлеріне «алғыс» ретінде 100-500кг қантты үлестірген. Cөйтіп өз шығынын қайтару үшін халыққа қантты 10% емес, 100% үстемеақымен сатқан.
«Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 кг қант табылып тәркіленді. Барлығы тұрақтандыру қорына қайтарылды», – делінген ресми хабарламада.
Қазір тергеу шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025