Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Биыл Қостанай облысында мемлекет мұқтажы үшін жер сатып алуға 71 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында хабарлады.
"2020 жылы Қостанайда 70,8 млн теңгеге 29 га жер сатып алу жоспарланып жатыр", – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, учаскелер «Қостанайға кіреберіс» жолында көпір салу үшін сатып алынады.
Сонымен қатар, Қарабалық ауданында Екатеринбург-Алматы тас жолының бойындағы "Қайрақ" бекеті ауданында демалыс алаңын орналастыру үшін жер учаскелерін алу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2018-2019 жылдары жерді иеліктен шығаруға 46,8 млн теңге бағытталды. Мемлекет қаржысына учаскелер футбол академиясы мен мектеп құрылысы үшін сатып алынған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024