Қостанай. 13 тамыз. 7kun.kz – Қостанайда «Радуга» демалыс базасында аю балаға шапты. Сот база иесін кінәлі деп таныды», деп хабарлайды 7kun.kz kstnews.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым жазуынша, база иесі 306-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды.
Оқиға 2021 жылы 5 қыркүйекте демалыс база аймағында болған. Аю 5 жасар қызға шабуыл жасап, салдарынан кішкентай қыз ауыр жарақат алып, оның оң аяғын кесіп тастауға тура келген.
Жәбірленуші тарап моральдық зиянды өтеу ретінде 25 миллион теңге сұрады. Александр Панин материалдық шығынды толығымен төледі. Моральдық зиянның бір бөлігі де өтелді - 1,5 миллион теңге. Сот Панинді кінәлі деп таныды және оған 500 сағаттық қоғамдық жұмыстарды тағайындады, бірақ рақымшылық бойынша ол негізгі жазадан босатылды.
Зардап шеккендердің талап - арызын ішінара қанағаттандырылып, Қостанай аудандық соты аю иесін зардап шегуші отбасына 18,5 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Бұл қабылдаған шешім, облыстық сотта шешім өзгеріссіз қалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024