Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Үкімет 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасының жаңа кезеңін әзірледі. Бағдарлама жылу, сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық секторды жаңғырту, 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасындағы үйлерді жөндеу және өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту мәселелерін біріктіреді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
"Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру" бірінші міндеті аясында тұрғын үйге қол жетімділік сатысы енгізіліп жатыр. Халықтың табысы айқындаушы фактор болады.
"Бір күн көріс минимумына дейін табысы бар кезекте тұрғандарға (29,7 мың теңге) сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй (жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, зейнеткерлер және т.б.) беріледі. "Бақытты отбасы" бағдарламасы 2 күнкөріс минимумына дейінгі табысы бар (59,4 мың теңге) кезекте тұрғандарға (көп балалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар) қолжетімді болады. 3,1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейін табысы бар кезекте тұрғандар (92 мың теңге) "5-20-25" (әскери қызметшілер, бюджетшілер, мемлекеттік қызметкерлер) бағдарламасы бойынша әкімдіктердің несиелік тұрғын үйіне үміткер бола алады", - деп түсіндірді министр Үкімет отырысында.
Табысы 3,1 күнкөріс минимумынан асатын азаматтар үшін "7-20-25" бағдарламасы қолжетімді.
"Табысы 5-ші деңгейлі ең төменгі күнкөріс минимумынан асатындар (148,5 мың теңге) алғашқы және екінші тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарықтық өнімдерді (ҒБ "Баспана-хит", ҚИК "Орда", ТҚЖБ "Өз үйім") пайдалана алады", - деді Бейбіт Атамқұлов.
Сонымен қатар, тұрғын үй алудың ашықтығын және бірыңғай жүйелік есепке алуды қамтамасыз ету үшін кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық базасы енгізіліп жатыр. Бұл мемлекеттік қолдаудың атаулылығын және мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз етеді.
Бағдарламаның екінші бағыты - халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Қалалық елді мекендерде 4188 км сумен жабдықтау (2420 км) және су бұру (1768 км) желілері салынады. Халқы 200 адамнан аз ауылдарда суды тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылады, халқы 200 адамнан асатын ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтау пайда болады.
Бағдарламаның үшінші бағыты - ТКШ саласын жаңғырту және дамыту. Тозған жылумен қамту желілерін ауыстыруға 240 млрд теңге бөлінеді.
Төртінші бағыт - тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және қайта жаңарту. 2020-2021 жылдары осы мақсаттарға өңірлерге 30 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, бұл 700 үйді жөндеуге және тағы 126 үйді айналмалы қаражат есебінен жөндеуге мүмкіндік береді.
"Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасының бесінші бағыты - сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жетілдіру.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024