Ақтөбе. 13 шілде. 7kun.kz – ҰҚК қызметкерлері қазақстандық азаматтан 1,5 миллион доллар бопсалаған қылмыстық топ мүшелерін ұстады. Олар оның Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалуын қамтамасыз етуге уәде берген. Бұл туралы комитеттің 30 жылдығына арналған деректі фильмде айтылады.
Фильмде сипатталғандай, аталған жағдай 2022 жылы орын алған. Күдіктілер 30 миллион теңге «аванс» алып жатқан жерінде қолға түсті.
2021 жылдан бері ҰҚК кәсіпкерлерден бопсалау және өнім ұрлаумен айналысқан 16 қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Олардың бірі Семейдегі кәсіпорыннан алтын ұрлаумен айналысқан. Тәркіленген заңсыз өнім көлемі 12 млрд теңгені құрады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024