Бішкек. 25 мамыр. 7kun.kz - Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан үкіметіне мәдениет министрінің айтқан сөзіне қатысты қарсылық нотасын жіберді. Нақтырақ айтқанда, шенеунік Ресей әжетханаларын жуып жүрген қырғыздарды аяймын деген болатын. Бұл жөнінде kloop.kg сайты жазды.
Көрші мемлекеттің СІМ Арыстанбек Мұхамедиұлын "намысқа тиетін" сөздер айтқаны үшін наразы. Қарсылық нотасының мәтінінде «Өте әдепсіз сөз айтылды. А. Мұхамедиұлының қырғыздарға қатысты айтқаны республикада үлкен дау тудырды. Сондай-ақ, қырғыз-қазақ арасындағы одақтас қарым-қатынасқа бұл қылығы қайшы келеді», — делінген. Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның мемлекеттік арналарында да, басқа да жерлерде қырғыздарға қатысты сөздердің көбейіп кеткеніне де назар аударып отыр. Нотаны Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің кеңесші-елшісі Ербол Ахметов арқылы жолдаған. Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 23 мамыр күні Астана тұрғындарымен кездесу барысында қырғыздардың өзге елдерде төмен жалақыға жұмыс істейтіндігін және оларды аяйтынын жеткізген еді. «Шыңғыс Айтматов - ұлы жазушы ғана емес, елінің, жұртының қайда кетіп бара жатқанын болжаған көріпкел. Қазір Қырғызстанда болып жатқан жағдайларды ол, өкінішке орай 40-50 жылдары байқап, суреттеп берген. Яғни халқына ескертіп, ессіз қылық жасамауға шақырған», — деді ол. Сонымен бірге қырғыздардың қоғамдық әжетханаларды жуып жүргендері көңілге тиеді деген болатын. «Расымен, жасырып не керек, Мәскеуге не басқа қалаларға барсаң, көрші елдің жап-жас қыздары қоғамдық әжетханаларды тазалап жүргенін көресің. Өрімдей жас кезінде осындай жұмыс істейтіндей ол не жазды? Әрине, елінде жұмыс жоқ, алға жылжу болмаған соң көптеген қырғыздар шетел асып кетеді» , — деп аяқтады сөзін министр. Министрдің сөзі әлеуметтік желілерде де, қырғыздар мен қазақтардың арасында да үлкен дау тудырды. Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Қырғызстанның ІІМ Арыстанбек Мұхамедиұлын ұйымдасқан-қылмыстық топ басшысы Алманбет Анапиявтың өліміне күдіктілердің қатарына қосқан еді. Қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау кезінде суреттерді интернеттен алған. Соның ішінде еліміздің мәдениет министрінің де суреті бар болып шықты. Кейіннен қырғыздар осы кеткен қателіктері үшін кешірім сұраған болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024