Алматы. 6 тамыз. 7kun.kz – АҚШ қосымша тарифтер енгізген жағдайда, Қытай жағы да Құрама Штаттардан әкелінетін тауарларға жаңадан баж салығын салады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының сауда министрлігі мәлімдеді.
Америкадан келетін жалпы құны 60 миллиард долларды құрайтын заттарға 25, 20,10 және 5 пайыз көлемінде баж салығы салынады. Мекеме 5 мыңнан аса тауардың тізімін жариялады.
Айта кету керек, мұның алдында АҚШ Қытайдан әкелінетін мыңнан аса тауарға баж салығы енгізілетінін жариялаған. Вашингтон бұл ретте Қытайды зияткерлік меншікке қатысты айыптаған болатын. Бұған жауап ретінде Аспан асты елі АҚШ-тың 106 тауарына 25 пайыз салық салды. Мамырда қос тарап та сауда соғысын тоқтатамыз деп келіскенімен, шілдеден бастап жаңа тарифтер күшіне енді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024