Алматы. 22 қараша. 7kun.kz — Қытай инвесторлары "Оңтүстік" АЭА-да 42 млрд теңгенің зауытын салмайтын болды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Ведомство 2017 жылы Сяньян тоқыма өнеркәсіп паркімен келіссөздер жүргізгенін еске салды.
Министрлік сол тұста "Қытай тарапы аймақ аумағында 42 млрд теңгеге инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниет білдірді", – деп хабарлаған еді.
Өңірде мақта-мата иірімжібін өндіретін фабрика салынады, деп жоспарланған. Нысанның қуаттылығы жылына 25 мың өнімді құрауы керек еді.
"Жобаның қаржылық моделін әзірлеу және тәуекелдерді бағалау бойынша жұмыстар аясында қытайлық әріптестер соңғы жылдары байқалатын мақта құнының жиі ауытқуы күтпеген шығындарға әкелуі мүмкін деген қорытындыға келді", - деді министрлікте.
Сонымен қатар, ынтымақтастық шеңберінде Қытайда "Оңтүстік" АЭА және Қазақстанда "Саньян" тоқыма паркінің өкілдіктері ашылды. Олардың қызметі пилоттық режимде жүзеге асырылып, ақпарат алмасуға және жобаны іске асыру үшін тараптардың іс-қимылдарын келісуге бағытталған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024