Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz – Түркістан облысында энергия үнемдейтін шамдарды өндіретін зауыт іске қосылады, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жаңа кәсіпорынның капсуласы Түркістанның индустриялық аймағына қойылды. Жобаға инвесторлар қытайлық Tai-Tur Energy компаниясы болды.
Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, жобаны жүзеге асыруға 5 гектар бөлінді.
Өнім ішкі нарықта, сондай-ақ көрші елдерге экспортталатын болады. Зауыт құрылысы үш жылда аяқталады. Компанияда 700 жұмыс орны ашылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024