Қытай. 27 маусым. 7kun.kz – Қытай қазақстандықтарға визасыз режим беру мүмкіндігін қарастырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде хабарлады.
Аталған ақпарат Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың Қытайдың Мәдениет және туризм министрі Ху Хэпинмен кездесуінен кейін айтылды. Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту және туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
«Нұрышев сұхбаттасушының назарын тұрақты әуе қатынасын тез арада қалпына келтіруді және адами байланыстарды жандандыруды ескере отырып, екіжақты мәдени-гуманитарлық диалогты күшейту қажеттігіне аударды. Қазақстан Елшісі атап өткендей, осы бағыттағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ҚР мен ҚХР-да өзара мәдени орталықтардың құрылуы қуатты серпін береді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, елші қазақстандық тараптың Қытай азаматтары үшін 14 күндік мерзімге визасыз режим енгізу жоспарларын ескере отырып, Қазақстан азаматтары үшін де осындай жағдай жасау мәселесін көтерді.
Өз кезегінде Ху Хэпин Қазақстан мен Қытай арасында мәдениет және туризм саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор екенін атап өтті. Ол 2022 жылдың соңына жоспарланған Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 15-ші отырысы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенім білдірді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024