Алматы. 23 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанда 156 тонна тауар тасымалдаған контрабандашылар ұсталды. Өнімнің құны 198,8 млн теңгеге бағаланады, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасында.
"Жетісу көлік прокуратурасы аса ірі көлемдегі тауарлардың экономикалық контрабандасының жолын кесті. Белгілі болғандай, D компаниясы Қазақстан аумағына Қытайдан әкелінген тауарларды – 156 тонна болатын жалпы сомасы 198,8 млн теңгенің түрлі көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін – оларды дұрыс емес декларациялау арқылы әкелуге тырысты", – деп атап өтті прокуратурада.
Органның ақпаратынша, іс сотқа дейінгі тергеу жүргізген Алматы экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.
«2020 жылдың 21 қаңтарында Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты азамат С.-ға қатысты келісімдегі істі қарап, оны осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 500 АЕК (3,9 млн теңге) көлемінде қылмыстық айыппұл тағайындады. Жалпы құны 198,8 млн теңге болатын контрабандалық тауар мемлекет кірісіне тәркіленген", – деп хабарлады прокуратурада.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 9,6 млрд теңгенің контрабандасы мен контрафактілі заттар анықталды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024