Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – ҚХР-на іс-сапармен барған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Пекин қаласында ҚХР Бас кеден басқармасымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Екі елдің ветеринарлық және фитосанитарлық қызметтерінің кездесуі кезінде 17 позиция бойынша Жол картасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, ведомствалар 2018 жылдың қарашасында
Шанхай қаласында Қытай нарығына қазақстандық АӨК өнімдерінің шектеулерін алып тастау және қол жеткізу жөніндегі Жол картасына қол қойды.
Мал шаруашылығы өнімдері бойынша.
Қытай сарапшылары инспекциясының қорытындысына сәйкес нодулярлық дерматит бойынша шектеулердің алынуына байланысты ҚР АШМ бордақылаудан кейін союға жіберілетін тірі малға ветеринариялық-санитарлық талаптар туралы хаттамаларын дайындауды бастады.
Қазіргі уақытта "CITIC" ірі қытай корпорациясы "Қазақстанның Ет одағымен" бірлесіп, карантиндік алаңдар мен ет өңдеу өндірістерін құру бойынша шекаралық аумақта ірі инвестициялық жобаны іске асырып жатыр. Бұл Қазақстанның тірі мал мен сиыр еті бойынша экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қытай тарапы бес қазақстандық ет өңдейтін кәсіпорындарды тексеру бойынша есептерді дайындайды.
Қытай аумағына сиыр етін экспорттауға мүмкіндік беретін 4 кәсіпорын ҚХР тізіліміне енгізіледі деп күтіледі.
Қазақстан тарапы БКБ-на салқындатылған сиыр еті мен қой етінің ҚХР нарығына қол жеткізуін ашу үшін жұмысты жалғастыруды ұсынды, ветеринарлық талаптар бойынша хаттамалардың жобалары дайындалды және БКБ-на жіберілді.
Келіссөз барысында, 6 қазақстандық кәсіпорын ҚХР-ға тірі жылқыларды жеткізуді бастағаны туралы айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан тарапы Қытайға шошқа етін экспорттауға ниетін білдірді.
ҚР делегациясы құрғақ бие мен түйе сүтін қоса алғанда, сүт өнімдерінің экспортын да дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
Өсімдік шаруашылығы өнімдері бойынша.
Қытай тарапы биылғы сәуірде зығырға инспекция жүргізуге, бұршақ, жасымықты және Қазақстан ұн комбинаттарын тексеруге дайын екендігін айтты.
Ал, Қазақстан тарапы Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бидайды өсіру, өңдеу және сақтау бойынша кәсіпорындармен біріктірілген рапс және мақсары бойынша инспекция жүргізуді ұсынды.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация азық-түлік пен құрама жем экспортына қызығушылық білдірді. Қытай тарапы өндіріс технологиясында қолданылатын шикізатты тексеру қажеттілігін атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024