Қытайлық Shengyuan Tehnology ақтөбелік арматура өндірісіне 340 млн теңге салады
Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz – Қытайдың Shengyuan Tehnology компаниясы «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС-пен бірлесіп, Ақтөбеде арматура өндіретін цехты пайдалануға беруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы.
Бекіткіш арматураны өндіру және құрастыру цехының құрылысы 340 млн теңгені құрайды.
«Жобаны Қытайдың Shengyuan Tehnology компаниясы қаржыландырады, Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты жобаның заңды функцияларын орындайды және жүзеге асырады», - деп түсіндірді ведомствода.
Цех қуаты жылына 20 дана бекіткіш арматураны құрайды.
Shengyuan Technology - 2003 жылы құрылған қытай компаниясы. Негізгі қызмет түрі – конструкция өндірісі.
2015 жылы тіркелген «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС сорғы-компрессорлық құбырлар мен жоғары қысымды резервуарларды өндірумен, мұнай-газ кәсіпорындарына арналған қондырғыларды өндірумен және жинаумен айналысады.