Қытай 2016 жылы АҚШ-ты артта қалдырып, мұнай импорттаушы ең ірі елдің бірі болуы мүмкін. Мұндай болжамды Unipec тренингтік компаниясының вице-президенті айтып отыр, деп хабарлайды РБК.
2015 жылы Қытайдың мұнай импортының көлемі АҚШ-тағы мұнай көлемі қысқарғаннан кейін тәулігіне 6,7 млн баррелді құрады, деп жазды Bloomberg агенттігі. Ал 2016 жылдың ақпан айында мемлекет шикізат импортын тәулігіне 8,04 млн баррелге жеткізіп, рекордтық деңгейді көрсетті.
Unipec компаниясының болжамына сәйкес, Қытайдың мұнай импорты орташа көлемі 2016 жылы тәулігіне 7,5 млн баррелге жетуі мүмкін.
Сондай-ақ, 2020 жылы мемлекеттің мұнай өндіруші тәуелсіз кәсіпорындарындағы сұранысқа байланысты шикізаттың импорты тәуілігіне 9 млн баррелге жетеді деп болжануда.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024