Қытайдың Ұлттық банкі юанның курсын долларға қатысты 0,33 пайызға құлдыратты. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Қытай валютасының орташа бағамы бір долларға қатысты 6,5150 деңгейінде белгіленді. Бұл бағам 23 наурыз күнгі фиксингтен 214 пунктіге артты. Ол күнгі бағам 6,4936 болған еді. Осыған дейін, 18 наурыз күні ҚХР Ұлттық банкі юанның курсын долларға қатысты 0,5 пайызға нығайтқан болатын. Ол 2015 жылдың қараша айынан бергі ең көп нығайған фиксинг болды. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың бірінші аптасында қытай юанның долларға қатысты позициясын 1,5 пайызға әлсіреткен болатын. Бұл юань курсының 2015 жылдың тамыз айынан бергі ең ірі өзгерісі болды және ол Қытайдың негізгі қор индекстерін 5-6 пайызға құлдырауына әкеп соқты. Кейінірек, Қытай Ұлттық банкі юанды тұрақтандыруға күш салған болатын.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024