
Қытай елінің тұрғындары Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесінде демалуға және саяхаттауға 312 млрд юань ($48 млрд) жұмсады. Бұл мерекені тойлауда жаңа рекордтық шығын болды.
Bloomberg агенттігі хабарлағандай, биылғы жылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 31%-ға артқан.
Саяхаттауға кеткен шығын 42%-ды құраса, қымбат кемеге отырып саяхаттағандардың саны 2015 жылмен салыстырғанда 3 есе өскен.
EntGroup Inc. сараптама фирмасының мәліметіне сәйкес, кинотеатрлардағы билеттер сатылымы 67,7%-ды құрап, 3,1 млрд юань рекордтық пайда түскен.
Фото:samgum.ru