Қызылордада шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 253 млн доллар болатын ферроқорытпа зауытын салынады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде өңір басшысы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.
«Неміс компаниясымен бірге біз Қызылорданың индустриялық аймағында құны 253 млн доллар болатын ферроқорытпа зауытын салуды жоспарлап отырмыз», - деді Қ.Көшербаев.
Оның айтуынша, оның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын және сәйкес инфрақұрылымы жүргізілген. Кәсіпорын жылына 160 мың тоннаға дейін құрамында алюминиі аз ферросилиция өндіретін болады.
«Зауыт отандық ғалымдар жасақтаған инновациялық технологиямен жұмыс істейтін болады. Оның үстіне өндіріс ошағының энергия сыйымдылығы өте жоғары болғандықтан, екінші кезеңде қуаттылығы 150 МВт газтурбиналық электр станциясының құрылысы жоспарланған», - деді облыс әкімі.
Сондай-ақ, облыста мұнай саласына және уранға арнап компонажды цемент өндіретін зауыт салу қарастырылған. Цемент мұнай мен газ өнеркәсібінде бұрғылау кезінде ұңғымалардың жер асты суларының енуінен оқшаулау үшін пайдаланылады.
Фото:kapital.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024