Қызылорда. 26 қазан. 7kun.kz – Ұсталған жерінен қашып кеткен мас жүргізуші полицейді басып кете жаздады. Тәртіп бұзушы келесі көшеде ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оқиғаның видеосы қызметтік көліктегі бейнебақылау жүйесіне жазылып қалды.
Ресми мәліметке сәйкес, түнгі уақытта сағат 00:45 шамасында Қазақстан көшесінің бойында өрескел құқық бұзушылық жасағаны үшін Mercedes benz автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкері өзін таныстыру барысында автокөлік қатты жылдамдықпен басып, тәртіп сақшыларынан қашпақшы болды. Алайда құқық бұзушы Торайғыров көшесінің бойынан ұсталды.
Наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша оның «орта дәрежелі» масаң күйде болғандығы анықталды.
Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен және 613 бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөлік айып алаңына қойылды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024