Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың басынан бері Қызылорда облысындағы медициналық мекемелерге сапасыз қызмет көрсеткені үшін 34 млн теңгеге айыппұл салынды.
Ағымдағы жылдың басында тәулік бойы стационарлық медициналық көмек көрсету үшін 74 медициналық ұйыммен 99 медициналық қызмет сатып алу шарты жасалған болатын (оның ішінде 44 – жеке).
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда филиалының сарапшыларымен жүргізілген күнделікті мониторингтер көптеген бұзушылықтарды анықтады: емдеудің стандарттарынан ауытқу, емделуге ақшалай шығындарды артуы, дұрыс емес деректерді енгізу, пациенттің медициналық түсініктемелерінсіз емдеуге жатқызу.
«Біздің міндетіміз – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК) жеткізуші медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіру. Өйткені, Қор бірінші кезекте біздің азаматтарымыздың құқықтарын, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген уақыттан бастап сақтандырылған азаматтардың құқықтарын да сақтайды. Бұдан әрі де Қор қызметкерлері медициналық көмекке ақы төлеу тәртібіне сәйкес шығындар мен шығыстар бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін қатаң қадағалайтын болады. Ол үшін біздің сарапшылар күн сайын медициналық мекемелерді тексеруге шығады», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ҚФ директоры Руслан Бектубаев.
Айта кетейік, 2018 жылдан бастап «Әлеуметтік сақтандыруды сақтандыру қоры» КЕАҚ ТМККК пакетінің қаржы операторы болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте халыққа медициналық қызметтерді сатып алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024