ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ВВС меморандумға қол қойды
Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның біріккен корольдігіне жұмыс сапары барысында ВВС Worldwide басшылары Шон О Хара және Сергей Становкинмен кездесті, деп хабарлайды 24.kz.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың болашағы мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады. Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен ВВС Worldwide корпорациясы арасындағы меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында редакциялық жоспарларды алмасуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру, дөңгелек үстелдер өткізу, ұлттық және аймақтық БАҚ үшін лекциялар ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанның туристік және инвестициялық әлеуетін ілгерілету жоспарланған.
Сонымен қатар, меморандумда негізгі бағыты цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу аясында қазақстандық телеарналардың техникалық дамуы бойынша бірлескен кеңес беруді жүргізу, ақпарат пен тәжірибе алмасу болып табылатын жұмыс тобын құру қарастырылады.
Айта кетейік, ВВС корпорациясы 1920 жылы құрылған. Қазіргі таңда БАҚ саласындағы жаһандық көшбасшы медиакорпорацияларының бірі болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024