
Бизнесті заңсыз әкімшілендіру қысымнан қорғап, басты назарда ұстау керек. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді деп хабарлайды Қазақстан — 2050 сайты.
«Экономика саласындағы заңдылықты сақтауды тұрақты назарда ұстаймыз. Біздің басым бағытымыз бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан қорғау, бұл жұмысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен жүргізіп жатырмыз», - деді А.Кравченко ЕҚЫҰ қатысушы елдердің тұрақты делегациялары және ЕҚЫҰ хатшылығының Қазақстанмен танысу барысында.
Осы жылы бас прокуратурада кәсіпкерлердің құқығын бұзу бойынша 12 мың оқиға бойынша шара қабыланған.
«Бас прокуратураның құқықтық статистика комитетінде ақпараттық сервис – бизнестің тірегі. Бұл сервис арқылы Бас прокуратураның сайтынан немесе мобильдік байланыс арқылы құзыретті органдардан бизнесті тексеру заңдылығы туралы ақпаратты ала алады», - деді ол.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025