Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР-да кең көлемде геологиялық-барлау жұмыстары жүргізіледі

ҚР-да кең көлемде геологиялық-барлау жұмыстары жүргізіледі

Қаржы айналымы бойынша әлемдік нарықта екінші орындағы Rio Tinto тау-металлургия концерні Қазақстанда геологиялық-барлау жұмыстарын бастады. Алғашқы барлау жұмыстары Қарағанды облысының Қорғантас аумағында өтеді. Бұл туралы Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметінен сілтеме жасап Кapital.kz хабарлайды.

“Бүгінгі таңда Қорғантас жобасы аясында аймақтық база құрылып, аэрогеофизикалық мәліметтер жиналуда.Жобаның жандануына қолдау білдірген министрлік командасына Rio Tinto концерні атынан өз алғысымызды білдіреміз” ,– деді компанияның Еуразия-Африка аймағы бойынша геологиялық-барлау операциясының директоры Кен Тейнтон министр Әсет Исекешевпен кездесуінде. Сонымен қатар Кен Тейнтон барлау жұмыстарының отандық “Казгеология АҚ” компаниясымен бірлесіп жүріп жатқандығын айтты. Өз кезегінде Әсет Исекешев елімізге осындай трансұлттық компаниялардан инвестиция тарту мемлекет басшысының басты тапсырмасы екенін айта келе, Rio Tinto компаниясымен жұмыс істеу Қазақстан үшін кадр дайындау мен технология тарту жағынан маңызды деп атап өтті.

Похожие материалы