Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz – АҚШ елшісі Джордж Крол Қазақстанда журналистер қауымымен кездесу өткізіп, екі ел арасында бір күндері визасыз режим қалыптасатынын жеткізді, деп хабарлады Today.kz.
Дегенмен, АҚШ елшісі бұл айтулы оқиғаның нақты қашан іске асатыны туралы хабар бермеді.
«АҚШ-тың виза саясаты, негізінен, көптеген агенттіктермен байланысты. Мәселен, оның АҚШ билігі мен Мемлекет департаментіне тікелей қатысы бар. Біз қазақстандықтардың Америкаға келу мүмкіндігін барынша кеңейткіміз келеді. Сондықтан да, визаның көлемін 10 жылға дейін ұзарттық. Ал, бұрын ол небәрі 5 жылға жарамды болатын. Бұл жағдайды қалай кеңейту керектігін әлі де ойластырамыз. Екі ел арасындағы визасыз режимнің қашан қалыптасатыны туралы нақты білмеймін. Десе де, ол күн де алыс емес. Біз қазір бұл жұмысқа ақырындап кірісіп келеміз», - деді Джордж Крол.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024