Астана. 11 қыркүйек. 7kun.kz - Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев БАӘ Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Мұхаммед Абдалла Әл-Гаргавимен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында экономиканың түрлі салаларында екіжақты қарым-қатынасты дамыту, елдер арасында стратегиялық серіктестік орнату және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымын құру, өзара инвестицияларды ынталандыру және қорғау туралы келісім жобасы туралы, сондай-ақ Астана Халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында ынтымақтастық туралы Қазақстанның бастамаларын іске асыру тақырыптары қозғалды.
Айта кетейік, Әмірліктер ҚР тауар айналымында әлемнің 205 елінің ішінде 52-орынға ие.
2017 жылдың бірінші жартыжылдығында елдер арасындағы тауар айналымы 317,3 млн құрады (экспорт $273,8, импорт $43,5 млн). 2005-2016 жылдары БАӘ-ден ҚР-ға тартылған тікелей шетел инвестицилары $2 011,8 млрд құрады.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы $374,2 млн құраған.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024