Экономика
Режеп Тайып Ердоған түрік-ресейлік дағдарысты талқылау үшін Н.Назарбаевқа хабарласты
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен келешегін, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Тараптар Сириядағы дағдарысты жағдай мен ресейлік Су-24М ұшағына қатысты оқиға төңірегінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті болған оқиғаға байланысты өкініш білдіріп, ресей-түркия қарым-қатынасының нашарлауына алаңдаушылығын жеткізді. Мемлекет басшысы бұл байланыстар ұзақ жылдар бойы қалыптасқандықтан, тараптар оны сақтап қалу үшін жауапкершілік танытуы қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты оқиғаны анықтап, қалыптасқан жағдайдан шығу үшін екіжақты комиссия құру ұсынылды. Р.Ердоған өз кезегінде Ресей Президенті В.Путинмен таяу арада кездесуге дайын екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев жағдайды ушықтырмау үшін тараптар мүмкін болатын барлық шараны пайдаланатынына үміт білдірді. Фото: khabar.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024