Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әдіқалықова елдің үздік журналистеріне ҚР Президентінің БАҚ саласындағы дәстүрлі сыйлықтары мен гранттарын тапсырды және Алғыстарын жариялады.
«Бүгін біз еліміздің үздік журналистері мен озық бұқаралық ақпарат құралдарына Президенттің сыйлықтары мен гранттарын және Алғыстарын табыс етеміз. Елбасымыздың отандық БАҚ -тардың қалыптасуы мен дамуына әрдайым қамқорлық көрсетіп келе жатқаны баршаңызға аян. Мемлекеттік деңгейдегі жүйелі қолдау нәтижесінде Тәуелсіз еліміздің мүддесін қорғайтын ұлттық баспасөз қалыптасты. Қазақстанның баспасөзі қоғамдағы татулық пен бірліктің, жоғары адамгершілік құндылықтарының жаршысына айналды, жас мемлекетіміздің іргесі берік, болашағы баянды болуы үшін қызмет етті. Бүгінде интернет кеңістігін игеру арқылы жаңа белеске көтерілген БАҚ саласы «Мәңгілік Ел» болу жолындағы ұлы мақсатқа жұмылуда»,-деді ҚР Мемлекеттік хатшысы. Осы орайда Г. Әбдіқалықова кәсіби шеберлігімен, биік талғамымен дараланған бүгінгі марапатталып отырған журналистердің үлесі аса зор екенін, мемлекет отандық ақпарат саласын дамыту жолындағы осы еңбекті жоғары бағалайтынын атап өтті. Сонымен, Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Президентінің сыйлықтары «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаевқа, «Экспресс-К» газеті редакциясы» ЖШС бас директоры Алексей Панға (марқұм) берілді. Бұдан бөлек, гранттар «Арша» медиастудиясының продюсері Зарина Есекееваға, «Хабар» телеарнасы Бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаевқа тапсырылды. Сонымен қатар бірқатар газеттер мен журналдардың, телеарналардың, радиолардың, ақпарат агенттіктерінің ұжымдарына ҚР Президентінің Алғыстары жарияланды. Айта кетейік, биыл сыйақының жалпы қоры 7 млн. 928 мың теңгені құрады. Сыйлық лауреаттарына 2 млн. 200 мың теңге мен естелік алтын төсбелгі, ал грант иегерлеріне 1 млн. 700 мың теңгеден берілді. Ақпарат көзі: inform.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024