Қазкоммерцбанктің еншілесі - Москоммерцбанк – капиталын ұлғайта бастады, деп хабарлайды қаржы институтының баспасөз қызметі.
Банк берген ақпараттарға сәйкес, оның пассивтері 1,2 миллирад рубльге толығады, бұл теңгеге шаққанда 6,4 миллирадты құрайды. Жарғылық капиталдың көбеюі қосымша 20 миллион доллардың эмиссиялық акцияларын шығару арқылы жүзеге асқан.
Қағаздарды банктің жалғыз акционері Қазкоммерцбанк жәй акцияларды субординацияланған депозиттерге айырбастау арқылы сатып алды. Бұл – бас банктің директорлар кеңесінің шешімі. Оның төрағасы танымал бизнесмен – Кеңес Рақышев.
Қазкоммерцбанк Ресейдің Орталық банкіне осы мәселеге қатысты келісім алу үшін өтініш хатын жолдады.
Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша банк 2016 жылдың қыркүйегінде қосымша 1,4 миллиард рубль (7,5 миллиард теңге) алған. Қазіргі таңда оның капиталы – 2,8 миллиард рубль(15 млрд теңге).
Дереккөз: LS
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024