Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – LOTTE CONFECTIONERY CO. LTD компаниясы «Рахат» кондитерлік фабрикасының 92,44% акциясын «Лотте Корпорация» АҚ-нан сатып алды.
Мәміле сомасы хабарланбайды, бірақ биржаның мәліметі бойынша кондитерлік фабрика акцияларының жалпы нарықтық құны 25,2 млрд теңгені (67,65 млн доллар) құрайды.
«Рахат» және LOTTE CONFECTIONERY CO. LTD және «Лотте Корпорация» АҚ Lotte Group (Оңтүстік Корея) компанияларының бір тобына кіреді.
«Рахат» кондитерлік фабрикасы 1942 жылы ашылды. Фабрика өнімдері жақын және алыс шетелдерге, соның ішінде Ресей, Германия, Моңғолия, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстанға экспортталады.
Естеріңізге сала кетейік, оңтүстіккореялық компания 2013 жылы «Рахат» акцияларының негізгі пакетін сатып алған болатын.
Lotte Confectionery 1967 жылы Сеулде құрылған Lotte Group құрамына кіреді. Оның фабрикалары Сеул, Тэджон, Янсан, Пхентхэке және Сихында орналасқан. Компания 200-ден астам өнім түрін өндіреді.
Биржаның мәліметінше, «Рахат» фабрикасының меншікті капиталы 1 қазанда 37,4 млрд теңгені құрады, активтер – 43 млрд теңгеден астам, міндеттемелер – 5,6 млрд теңге, сату көлемі – 41,2 млрд теңгеден астам.
Сонымен қатар, компанияның жалпы табысы 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 10 млрд. теңгеге жетті, таза пайда – 4,6 млрд. теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024