«Рахат» акционерлік қоғамы - 70 жылдық дара тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі.
Тарихы. Компания 1942 жылы «Бабаева» және «Рот Фронт» деп аталатын Алматы ликер зауыты және Мәскеу кондитерлік фабрикасы базасында құрылған. Шоколадты өнімдер, карамель, печенье, вафля, шығыстық тәттілер, зефир, мармелад және өзге де өнімдер шығарады.
Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы арақ - ликер зауыты алаңында соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен шығарылды. 1965 жылы фабриканы қайта қалпына келтіру және негізгі өндіріс цехтарын ұлғайту жұмыстары басталды, 1967 жылы бисквит жасайтын цех пайдалануға берілді, ал 1980 жылы какао-бобтарды өңдеу және шоколад өнімдері(жоба қуаты жылына 12,7 мың тонна өнім) цехтары іске қосылды. 1982 жылы еңбекті механикаландыру деңгейі 64,8 %, оның ішінде негізгі өнідіруші цехтар 71,5 %, көмекші қызметтер аумағында 47,9 %-ды құрады.
КСРО бөлшектенгенге дейін фабрика Қазақ ССР тамақ өнеркәсібі Министрлігінің «Кондитерпром» бірлестігінде болды. 1990 жылдары акционерлік қоғам болып өзгертілді.
Басқарушылары. 2013 жылдың қаңтарында оңтүстік-кореялық компания «Рахат» АҚ акционерлерімен акция алу туралы келіссөздер жүргізді. Сатылым туралы өсек тарағаннан бастап, «Рахат» акциясы өсе бастады: алғашқысында 2,5 мың теңге, кейін 6,5 мың теңгеге дейін жоғарылады.
2013 жылы 22 қыркүйекте фабрика акцияларының төрттен үш бөлігі(қазақстандық нарықтың 10 % құрап отыр) 156,6 млн долларға немесе акцияның нарыққа 30%-дық сыйақысымен 43,5 доллар.
2013 жылы 29 шілдеде LOTTE Confectionery Оңтүстік Корея кондитер фабрикасы «Рахат» АҚ 76% акциясын алу туралы келісімге қол қойды. Акцияларды сату туралы келісім нәтижесінде ірі акционерлер қатарынан британдық BD Associates Limited (29 %), Анатолий Попелюшко (25,79 %), Наталья Хильчук (11,54 %) шықты.
2013 жылдың 10 желтоқсанында LOTTE Confectionery «Рахат» АҚ айналымда қалған 23,75 % акциясын сатып алатынын мәлімдеді және миноритарлық инвесторларға хабарлама шыққаннан кейінгі 30 күн ішінде өз акцияларын сатуды ұсынды.
Сапа. «Рахат» АҚ - сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетін адамдарға арнап арнай өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға қуаттылығы төмен әрі қантты тең дәрежеде табиғи шикізатпен ауыстыру арқылы шығарылған шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атауы кіреді.
Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған.
Шетелге танымал қазақ бренді. Компания өнімдері отандық нарықта ғана емес, таяу және алыс шет елдер нарығында да танымал. «Рахат» АҚ өз өнімдерінің ішкі нарықта ең жоғары деңгейдегі қол жетімділік саясатын жүзеге асыруда. «Рахат» АҚ сатылым географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, себебі компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін жолға қойған. Алматы қаласы бойынша өнім тарату ірі көтерме саудамен сатып алушылар, сондай-ақ фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы іске асырылады. Республиканың басқа өңірлерінде «Рахат» АҚ өнімдерінің қол жетімділігі фирмалық сапалы өнім сатумен айналысатын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорын) құрумен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні «Рахат» фабрикасының өнімдері Ресейге, Германия, Моңғолия, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстанға экспортталады.
Қаржылық көрсеткіштері (01.10.2014 жағдай бойынша)*:
- Жарғылық капиталы – 900 мың теңге
- Меншікті капиталы – 19 038 150 мың теңге
- Жиынтық активтері – 21 448 975 мың теңге
- Сатылым көлемі – 24 550 751
- Жалпы табысы – 5 046 626
- Таза пайда – 1 640 452
- Жай акцияның теңгерімдік құны – 5 267,00
- ROA –7,65 %
- ROE – 8,62 %
- ROS – 20,56 %
Негізгі акционерлері: (2014 жыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша):
Акционер | Акция көлемі | Үлес |
LOTTE CONFECTIONERY CO., LTD | 2 873 705 | 79,83 % |
ТОО «SWEET CITY» (Алматы, ҚР) | 235 007 | 6,53 % |
Баймұратов Ерлан Оразгелдіұлы | 219 275 | 6,09 % |
Белгісіз | Белгісіз | 7,55 % |
* - www.kase.kz мәліметтері бойынша
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024