"Рахат" кондитерлік фабрикасы соңғы 15 жылда бірінші рет дивиденд төлейді
Алматы. 14 сәуір. 7kun.kz - «Рахат» кондитер фабрикасы 2016 жылға 493,2 млн теңге көлемінде дивиденд төлейді. Бұл туралы компания акционерлерінің жылдық хаттамасында жазылды.
Дивиденд көлемі 1 қарапайым акцияға 137 теңге көлемінде бекітілді. Ал дивиденд төленгеннен кейінгі қалған компанияның таза табысы бөліске түспей, шотта қалады. Дивиденд алуға құқылы акционерлер тізімі 8 мамырда жасалады. Ал төлеу мерзімі 15 мамырға белгіленді.
«Рахат» АҚ 3,6 млн акцияға ие, олардың барлығы қор биржасына шығарылған. Соңғы рет компания дивидент 2000 жылы төлеген. Ол кезде оның көлемі 24 млн теңге болған. «Рахат» АҚ 2016 жылғы қаржы есебін әлі жариялаған жоқ.
Айта кетейік, «Рахат» кондитер фабрикасы 1942 жылы ашылған. Жалпы 250 түрлі кондитер өнімдерін шығарады. Өнімдерін Ресей, Германия, Моңғолия, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстан сияқты т.б. алыс-жақын шетелдерге экспорттайды. «Рахат» АҚ бас акционері оңтүстіккореялық LOTTE Confectionery. Акция үлесі – 92,44 пайыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024