Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz - Бүгін Алматы облысының əкімі Амандық Баталовтың Райымбек ауданының жаңа әкімі Жолан Омаровты таныстырды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Ауданның бұрынғы әкімі Жанат Тəжиев басқа қызметке ауысқан.
"Райымбек ауданы - өте үлкен аудан. Бұл ауқымды, шекаралық өңірде жұмыс істеу оңай емес. Десек те ауданда бірқатар жұмыс атқарылды. Ол үшін Жанат Тəжиевке ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта ауданды үлкен өзгерістер күтіп тұр. Елбасының қолдауымен шекаралық аймақты дамытуға барлық жағдай жасалуда. Жаңа əкім Жолан Омаров - облыста мемлекеттік қызметте, басқару жүйесінде біршама ысылған, тəжірибе жинаған азамат. Жоланға айтарым, елмен бірлесіп, өңір азаматтарымен, үлкендерімен ақылдасып жемісті жұмыс жаса. Ауданға инвесторлар тарту керек, əсіресе, ауыл шаруашылығына инвестиция аса қажет. Ирригацияны ретке келтіру керек. Туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жұмысты ұйымдастыра біл. Тұрғындар, сіздер де өз тараптарыңыздан қолдау көрсетіп, ауданның өсіп-өркендеуіне атсалысады деп ойлаймын. Біз де ауданның дамуына тұрақты қолдау көрсететін боламыз", - деді А. Баталов.
Жолан Ыбрайақынұлы Омаров, 1979 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер, Қазақ ұлттық аграрлық университетін кадастр бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын «КИРЗАВОД-1» ЖШС атқарушы директоры болып бастады. Әр жылдары «КИРЗАВОД-1» ЖШС бас директорының орынбасары, «Алматыжер ҒӨО» ЕМК Алматы филиалы заң секторының маманы, Қаскелең жер-кадастрлық филиалының басшысы, «Алматыжер ҒӨО» ЕМК директорының бірінші орынбасары, директордың міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облыстық филиалы директорының міндетін атқарушы, Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы, облыстық туризм басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
2014 жылдың тамызынан – Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024