Алматыдағы «Рамстор Қазақстан» ЖШС-не 1 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Алматыдағы департаменті жүргізген азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігін тексеру қорытындысына сәйкес өнімнің маркировкасы КО техникалық регламентіне сәйкеспейтіндігін анықтаған. Алматы қалалық әкімшілік соты кәсіпорынды ҚР ӘҚК 462-бабының 3-тармағы бойынша айыпты деп танып, 500 АЕК, яғни 991 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Айта кетейік, бұған дейін де аталған ЖШС осындай заңбұзушылық жасаған. Қазіргі таңда Айнабұлақ шағын ауданындағы «Рамстор» сауда үйі заң бұзушылықты түземейінше 2 айға жабылды. Дереккөз: Қазақпарат.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024