Қазақстандағы мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі мемлекеттік қызмет кадрлеріне мониторинг жүргізді. Агенттіктің мәліметі бойынша, республикада бір мемлекеттік қызметкерге 170 тұрғыннан келеді екен деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Халықаралық стандарттарды салыстыру мен шетелдік сарапшылардың бағалаулары бойынша, жалпы алғанда Қазақстанда жинақы мемлекеттік аппарат құрылған.
2015 жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік қызметкерлердің саны 99 318-ді құраған (саяси -406, "А"корпусы-513, "Б" корпусы-98 399). Гендерлі баланс та сақталған: қызметкерлердің 54,2 пайызы -әйел адамдар, 45,8 пайызы - ер адамдар. Әйел адамдардың үлесі орташа еуропалық көрсеткіштен 3,5 пайыз асады.
Мемлекеттік қызметкерлердің 90 пайызының жоғарғы білімі бар. Ал АҚШ, Австралия, Канада сияқты дамыған мемлекеттерде төменгі деңгейдегі мемлекеттік қызметке орналасу үшін жоғары білім қажет етілмейді.
Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 39-да. 30-дан кішілер 25 пайызды, 30-40 жас аралығындағылар 31 пайызды, 40-50 жас аралығындағылар 22 пайызды құрайды. 22 пайызының жасы 50-ден асқандар.
Тәжірибесіне байланысты: 30 пайызының 5 жылдық, 24 пайызының 5-10 жылдық, 46 пайызының 10 жылдан астам жұмыс тәжірибелері бар.
"Мемлекеттік ұйымдардағы кадрлер мониторингі оң нәтиже көрсетті. Орталық мемлекеттік ұйымдарда екі рет бірінші басшылар саны (17 министр, 8 агенттік төрағасы, Президентке есеп беретін мемлекеттік ұйымдардың 8 басшысы) қысқартуға ұшырап, 12 министр және елбасына тікелей бағғынатын 6 мемлекеттік ұйым басшысы қалды", -делінеді агенттіктің хабарламасында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024