Алматы. 16 қараша. 7kun.kz — RBK банкінің пайдасы 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 3,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды LS.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (3,9 млрд теңге) бұл көрсеткіш 20,5 пайызға төмендеген.
Салық салуға дейінгі пайда 19,2 пайызға азайып, 3,7 млрд теңгені құрады.
Таза пайыздық кіріс 26,9 млрд теңгені құрады. Ал 2016 жылдың үш тоқсанында 25,1 млрд теңге (өсім 7,3 пайыз) алынды.
9 айдағы операциялық табыс 21,4 млрд теңгеге жетті. Бұл жыл ішінде 24,7 пайызға артты.
Банктің активтері 2017 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 1 трлн теңгеден 970,7 млрд теңгеге дейін 4,9 пайызға төмендеді.
Бұл ретте міндеттемелер 7 пайызға (873,1 млрд теңгеге дейін), ал капитал 18,7 пайызға (82,2 млрд теңге) дейін өсті.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





