Нұр-Сұлтан. 5 маусым. 7kun.kz - Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша елімізде 5 122 577 адам референдумда дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп хабарлайды 7 kun.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Орталық референдум комиссиясына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссияларынан ұсынылған деректерге сәйкес, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70 пайызы дауыс беруге арналған бюллетеньдерді алды.
Өңірлер бойынша: Ақмола облысы – 41,31, Ақтөбе облысы – 41,14, Алматы облысы – 43,05, Атырау облысы – 37,33, Батыс Қазақстан облысы – 47,58, Жамбыл облысы – 55,15, Қарағанды облысы – 51,60, Қостанай облысы – 49,96, Қызылорда облысы – 48,73, Маңғыстау облысы – 36,02, Павлодар облысы – 51,17, Солтүстік Қазақстан облысы – 58,25, Түркістан облысы – 46,69, Шығыс Қазақстан облысы – 48,86, Нұр-Сұлтан қаласы – 37,03, Алматы қаласы – 20,14, Шымкент қаласы 44,61 пайыз», - деді Шавхат Өтемісов.
Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуіне қатысты келесі дерек сағат 14.00-де ұсынады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024