Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Референдумда 11 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады

Референдумда 11 миллионнан астам қазақстандық дауыс бере алады

Нұр-Сұтан. 17 мамыр. 7kun.kz – 15 мамырдағы жағдай бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінде 11 722 536 адам бар. Бұл туралы ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Осы тізімдерде екеніңізге көз жеткізуіңізді сұраймын. 20 мамырдан бастап сізге сайтта жеке деректеріңізді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгертулер енгізу қажет болса, өтінішпен дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгінуге болады», – деді Әбдіров.

Әбдіров барлық өтініштер сол күні қаралатынын нақтылады. Бүгінгі таңда барлығы 10 013 референдум учаскесі іске қосылды.

«15 мамырдағы жағдай бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне 11 722 536 адам енгізілді. Жергілікті атқарушы органдар учаскелердің дауыс беру күніне дайындығы, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін жағдайларды қамтамасыз ету мәселелерін бақылауда ұстауы қажет. Қосымша инватакси, сурдоаудармашыларды тарту мүмкіндігі мәселелерін, мүгедектігі бар азаматтарға ыңғайлы болу үшін басқа да қажетті шаралар қарастырлуда», – деді ол.

Айта кетейік, 2022 жылғы 5 мамырда ҚР Парламенті референдум туралы заңға түзетулерді қабылдады. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойып, республикалық референдум 5 маусымда өткізілетін болды.

Похожие материалы