Алматы. 24қаңтар. 7kun.kz – Премьер-министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеев пен Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары А.Гордеев кездесті. Кездесуде Қазақстанға Ресей арқылы құс етін тасымалдауға қатысты шектеулер мәселесі талқыланды, - деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
2019 жылы 22 қаңтарда Мәскеуде өткен кездесуде қазақстандық тарап Россельхознадзор тарапынан үшінші елдерден құс етінің транзитіне қойылған шектеу туралы мәселені көтерді.
Ресей тарапы өз аумағы арқылы құс еті транзитіне шектеуді алу үшін өз талабын айтты.
Ресей арқылы құс етін тасымалдаушылар қозғалысты қадағалауды қамтамасыз ету үшін «Меркурий» жүйесіне ақпаратты енгізуге тиіс болады. Құс өнімдерін қайта тиеу және уақытша сақтау тек мал шаруашылығы өнімдерін сақтау үшін ЕАЭО сертификаттаған кәсіпорындарда жүргізілуі керек.
Еске сала кетсек, Ресей 2018 жылғы 20 қарашада уақытша транзиттік шектеулер енгізген болатын.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024