Ресей Байден және өзге де американдық саясаткерлерге қарсы санкция енгізді
Ресей АҚШ президенті Джо Байденге және АҚШ-тың басқа да жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы жеке санкциялар енгізді. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Министрлік бұл шешімді АҚШ-тың қазіргі басшылығының русофобиялық бағытына қарсы реакция деп түсіндірді.
"Ресей Федерациясының жоғары лауазымды тұлғаларына АҚШ-қа кіруге тыйым салатын бірқатар бұрын-соңды болмаған санкцияларға жауап ретінде 15 наурыздан бастап президент Джо Байден Ресейдің "тізіміне" қосылды (...), сондай-ақ бірқатар ведомство басшылары мен белгілі америкалық қайраткерлер", - делінген министрлік хабарламасында.
Жақын арада Ресей тарапынан санкциялар тізімін кеңейту туралы жаңа хабарландырулар болатыны айтылған. Оның құрамына АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғалары, әскерилері, заң шығарушылары, кәсіпкерлері, сарапшылары және "русофобия көзқарасы бар немесе Ресейге қарсы өшпенділік тудыратын" БАҚ өкілдері кіреді.
"Жауап санкциялары Үкіметтің Ресей экономикасын және оның тұрақты дамуын қорғау туралы шешімдерімен қатар қабылданады", – деді ведомствада.
Қарсы санкция тізіміне енгендер:
1. Джозеф Байден;
2. Энтони Блинкен - АҚШ Мемлекеттік хатшысы;
3. Ллойд Остин - АҚШ Қорғаныс министрі;
4. Марк Милли - Штаб басшылары біріккен комитетінің төрағасы;
5. Джейкоб Салливан - АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі;
6. Уильям Бернс - ЦРУ директоры;
7. Дженнифер Псаки - Ақ үй хатшысы;
8. Далип Сингх - АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары;
9. Саманта Пауэр - Халықаралық даму агенттігінің директоры;
10. Хантер Байден - АҚШ президентінің ұлы;
11. Хиллари Клинтон - АҚШ президенттігіне бұрынғы кандидат;
12. Адевейл Адейемо - қаржы министрінің бірінші орынбасары;
13. Рета Джо Льюис - экспорт-импорт банкінің президенті және директорлар кеңесінің төрағасы.
Сондай-ақ, Ресей Канаданың 313 азаматын санкциялық тізімге енгізді, оның ішінде Канада үкіметі, Сыртқы істер министрлігі және Қорғаныс министрлігінің басшылары бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024