Әлем. 20 мамыр. 7kun.kz – Ресейден газ жеткізу күрт тоқтаған жағдайда Еуропа экономикасын рецессия күтіп тұр, деп есептейді Fitch халықаралық рейтинг агенттігінің сарапшылары.
Бұған дейін Еурокомиссия ЕО-ның ресейлік газға тәуелділігін кезең-кезеңмен азайтудың егжей-тегжейлі жоспарын жариялады, бірақ Fitch сарапшылары Ресей Федерациясынан газ жеткізудің кенеттен тоқтау қаупі жоғары дейді.
ЕО тұтынатын газдың 84% импорттайды, оның шамамен 30% Ресейден келеді. Оның ішінде Германияның үлесі 60% құрайды, деп атап өтті агенттік.
Еуропалық Орталық банктің (ЕОБ) соңғы бағалаулары газ жеткізу 10%-ға қысқарған жағдайда еуроаймақтағы ЖІӨ 0,7%-ға төмендейтінін көрсетеді. Бұған сүйене отырып, Fitch сарапшылары нарық газ тасымалының 30%-нан айырылса Еуроаймақтың ЖІӨ 2%-дан астамға, ал Германия ЖІӨ 4%-ға азаяды, дейді.
Агенттік сарапшылары уақыт өте келе Еуропа ресейлік газдың орнын басқа көздерден толтыра алатынын, бірақ қысқа мерзімде мұны істеу мүмкін емес екенін атап өтті. Сонымен қатар, жеткізілімдердің тоқтатылуы аймақтағы энергия бағасының өсуіне әкеп соғады, бұл инфляциялық қысымды күшейтеді және халықтың нақты кірістерін төмендетеді.
Fitch агенттігі наурыз айындағы болжамы бойынша 2022 жылы еуроаймақтағы ЖІӨ 3%, 2023 жылы 2,3% өседі деп болжайды.
Материалды аударып, ұсынған біздің серіктесіміз Medialab агенттігі. Medialab – медиа, коммуникациялық қызметтің барлық түрін ұсынады.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024