Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей Кеңес заманындағы «Орск» тоңазытқыштарын қайта шығара бастады

Ресей Кеңес заманындағы «Орск» тоңазытқыштарын қайта шығара бастады

Ресей. 31 мамыр. 7kun.kz – Ресейдің Орынбор облысындағы «НПО Орск» кәсіпорны Кеңес заманында танымал болған тоңазытқыш маркасын қайта шығара бастады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Орынбор облысының аймақтық және ақпараттық саясат министрлігіне сілтеме жасаған «Подьем» басылымының жазуынша, кәсіпорын жақын арада өндіріс көлемін арттырмақшы.

"Орск" тоңазытқыштары – бұл бүкіл халыққа танымал техника. Кеңес жылдарында сенімді әрі үнемді тұрмыстық техниканың бірі болды. Қызмет ету мерзімі – 30-40 жыл. Бұрын тоңазытқыш шығарған зауыт 2010 жылдан бастап тоқтап қалған. Зауыт айына 3 мың техника шығарамыз деп жоспарлап отыр. Ал екі жылдың ішінде тоңазытқыш өндірісінің көлемін жылына 200 мың данаға дейін ұлғайтпақшы.  

Ресми хабарламада айтылғандай, сауда желілері өндірушілерге байланысқа шығып жатыр, сұраныс бар. Кәсіпорын басшылары Орск, Орынбор және Мәскеуде өз өкілдіктерін ашпақшы. Бұл тоңазытқышты сатудың үш нүктесі екен. Бірақ техниканың қозғалтқыштары мен автоматикасы Қытайдан. Қалған бөлшектер ресейлік.

Зауытта өндірістік кешен мен цехтар толық жаңғыртылды. Кәсіпорында қазір 30-дай адам жұмыс істейді. Тағы 80 адамды жұмысқа алу жоспарда дейді зауыт басшылары. Орта тапқа арналған жаңа "Орск" тоңазытқышының құны 120 -130 мың теңге болмақ.

Похожие материалы