Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – Ресей Федерациясы АҚШ-тың 29 азаматына елге кіруге тыйым салды. Тізімде АҚШ вице-президенті Камала Харрис пен Meta (бұрынғы Facebook) компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг бар, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты жариялаған мәлімдемеде:
«Тізімге «русофобтық» көңіл-күй қалыптастыратын жоғары басшылар, бизнесмендер, сарапшылар және журналистер, сондай – ақ, бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктердің жұбайларын қосқанда 29 американдық енгізіледі", - делінген.
Министрлік бұл шара "кеңейтілген Ресейге қарсы санкцияларға" жауап ретінде қабылданғанын атап өтті. Ресейдің санкцияларына ұшыраған адамдарды елге кіргізбеу мерзімі шектеусіз. Бұл тізім тағы да толығуы мүмкін екендігі хабарланды.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей СІМ Австралияның 228 азаматына, оның ішінде Премьер-Министр Скотт Моррисонға жеке санкциялар енгізген болатын.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024