Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – Мәскеу қалалық соты Ресей Федерациясы Бас Прокурорының «РБК Банкі» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау жөніндегі шешімін мойындады, - деп хабарлайды Интерфакс.
«Мәскеу қалалық соты Ертаевты Қазақстан Республикасының құзыретті органдарына тапсыру туралы заңды шешім қабылдады», - дейді Мәскеу қалалық сотының баспасөз хатшысы Ульяна Солопова.
Қазақстанда Ж. Ертаевқа қатысты алаяқтық туралы қылмыстық іс қозғалған. Оған халықаралық іздестіру жарияланған. Ол РБК Банктен 160 млн доллар жымқырды деп айыпталған еді.
2018 жылғы мамыр айында Ж. Ертаев Қазақстан Республикасының бас прокуратурасының сұрауымен Ресей астанасына жақын жерде «Мәскеу-Сити»-де ұсталды, алайда Мәскеудің Преснен соты оны қамауға алудан бас тартып, үй қамаққа жіберді.
Қараша айында Ресей прокуратурасы қайтадан Ж. Ертаевты тұтқындауға тырысты, бірақ Преснен соты қайтадан банкирді үйқамаққа алумен шектелді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024