Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейде Қазақстаннан келген смартфондарды сатуда

Ресейде Қазақстаннан келген смартфондарды сатуда

Ресей. 24 мамыр. 7kun.kz – Ресей дүкендерінде Қазақстан арқылы заңсыз әкелінген Samsung смартфондары пайда болды. Бұл смартфондар өндірушінің рұқсатынсыз параллель импорт арқылы жеткізілген. Мұндай смартфондар Ресейдің DNS, Связной және M.Video секілді ірі сауда желілерінде сатылуда, деп хабарлайды 7kun.kz.

Samsung смартфондарының Қазақстаннан келгенін модельдің толық атауындағы kz әріптерінен байқауға болады.  Сонымен бірге онда қазақ тіліндегі нұсқаулық жазылған әрі телефонды алғаш қосқанда әдеттегідей ресейлік қосымшаларды таңдауды ұсынатын экран шықпайды.

Қазір көрші елде Samsung Ресейге ешқашан әкелмеген Galaxy A сериясының жаңа үлгілері сатылып жатыр. Ал олардың бағасы ресейлік рубльдің ішкі нарықта күшейгеніне қарамастан былтырғы модельдерден бір жарым екі есе қымбат бағаға сатылуда. Бұл да өз кезегінде Ресей рублі бағамының өсуі іс жүзінде қолдан жасалған іс-шараның нәтижесі ғана екенін жанама дәлелдей түседі.

Қазақстан санкцияға іліккен Ресейге тыйым салынған тауарларды жеткізгені үшін екінші санкция толқынына ілігіп кетері не кетпесі әзірге белгісіз.

Похожие материалы