Ресей. 19 шілде. 7kun.kz – Ресей украиндық журналист Дмитрий Гордонға іздеу жариялады. Бұл туралы Ресейдің ІІМ хабарлады.
«Дмитрий Гордон Ильич, украин, 1967 жылы 21 қазанда туған, туған жері Киев. Қылмыстық кодекс бойынша іздеу жарияланды», – делінген хабарламада. Алайда Қылмыстық кодекстің нақты қай баптары екендігі айтылмайды.
Айта кетейік, наурызда Ресейдің Тергеу комитеті Гордонға қарсы үш бап бойынша қылмыстық іс қозғады – агрессивті соғысты ашуға шақыру; ұлттық белгілері бойынша өшпенділік немесе араздық тудыруға бағытталған әрекеттер; Ресей Федерациясының Қарулы Күштерінің әрекеттері туралы көрінеу жалған ақпараттың сенімді хабарларын жамылып жария тарату.
Ал Гордонның өзі бұл жайтқа Instagram-парақшасында пікір білдіріп үлгерді.
«Ресейдің Ішкі істер министрлігі мені іздестіріп жатыр. Тағы да оңбағандық жасай берсін», – деп жазды Дмитрий Гордон.